20:37, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Бұл қазіргідей жүйемен жұмыс істеп жатқан әлемдік экономикадағы соңғы дағдарыс ? Г.Қарағұсова
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова «бұл қазіргідей жүйемен жұмыс істеп жатқан әлемдік экономикадағы соңғы дағдарыс» деген пікірде. Бұл пікірін ол бүгін «Нұр Отан» партиясының «Өрлеу» экономикалық клубының мәжілісінде білдірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутаттың пайымдауынша, тап осы дағдарыс экономикалық қарым-қатынастардың, түрлі деңгейде дамып отырған әлем елдерінің экономикалық рөлдерінің өзгеруіне ықпал ететін болады. «Бүгінгі дағдарыс, жай ғана дамып отырған, нақтырақ айтқанда тек донорлық көмектің арқасында ғана күнін көріп отырған елдерге мұндай жағдайдың енді қайталанбайтындығын көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі дағдарысқа қарсы бағдарлама әлемде болып жатқан өзгерістерге жедел әрі тиісті баға беруге жағдай тудыратын өте маңызды құжат» деді Г.Қарағұсова.