Бұл жолғы сайлау бұрынғыдан басқаша болады - Президенттіктен кандидат Уәлихан Қайсаров

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бұл жолғы сайлау науқаны бұрынғыдан басқаша болады. Бүгін Президенттіктен кандидат Уәлихан Қайсаров журналистермен болған кездесуінде осылай деді.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, ресми, толық тіркеуден өтпей тұрып, сайлауалды бағдарлама туралы айту қиын. «Ал дайындық әрине бар. Бұл ретте мен 2005 жылғы бағдарламадан бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өту керек. Біздің бұрынғы бағдарламада әлі де болса өзектілігін жоғалтпаған мәселелер бар. Біз ол бағдарламаларды осы жолы да пайдаланамыз», - деді кандидат.

Оның айтуынша, 2005 жылға Президенттік сайлау өткеннен кейін, онда жіберілген кем-кетіктердің сараланғанын атап өтті. «Біз ондағы барлық мәселелерді, жіберген кемшіліктерімізді толық зерттедік. Сонымен қатар басқа кандидаттардың әрекеттерін сараладық. Осылардың барлығын еске ала отырып, біздің алдағы сайлау науқанымыз сәл басқаша бағытта өрбиді. Яғни біз осыған дейінгі сайлаудан алған тәжірибемізді пайдаланамыз», - деді У.Қайсаров.

Соңғы жаңалықтар