21:50, 04 Ақпан 2019 | GMT +5
Бұланды ауданында электронды журнал және күнделік жүйесі енгізілді-Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында электронды журнал және күнделік жүйесі толық енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, аудандағы білім беру ұйымдарында кең жолақты интернет кеңінен қолданылуда.
«Аудан білім беру «Bilimland» порталында жұмыс істеу үшін 7,2 миллион теңгеге 20 дана мультимедиялық құрал-жабдық сатып алынған. Бұдан бөлек, 27 мектеп кең жолақты интернетке қосылып, онлайн режимде жұмыс істеуде. Интернет жылдамдығын арттыру үшін суптниктік технология қолданылып, оған 15 мектеп қосылған. Макинск қаласының, Қараөзек, Вознесенкая Капитоновка, Алтынды және Никольский орта мектептері Wi-fi желісіне қол жеткізіп отыр. Осы бағытта республикалық бюджеттен 6,1 миллион теңге қаржы бөлінген», дейді ведомство.