11:07, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Бұланды ауданында мал ұрлығын кәсіп еткендер қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданының орталығында түн қараңғысын жамылып қорадағы малдарды ұрлау кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудандық ішкі істер бөлімінен алынған мәліметтерге сәйкес мал ұрлығын кәсіп еткендер көршілес Ақкөл ауданының тұрғындары болып шықты. Бұрын ұрлық үшін бас бостандығынан айрылып, жазасын өтеп келген Ф.есімді азамат үш сыбайласымен қорадағы малдарды жымқырып, алып-сатарларға өткізіп келгендігі анықталды. Алдын ала жүргізілген тексеріс кезінде анықталғанындай олар Атбасар, Астрахан, Ақкөл аудандарында осындай әрекеттерге барып отырған. Бұл жолы оңай олжа іздеп, қораға түскендердің үстінен үй иесі шығып, көршісінің көмегімен оларды ұрлық үстінде ұстаған. Ұрыларды қолға түсіру кезінде үй иесі екі жерден пышақ жарақатын алыпты.