Бұланды ауданының әкімі Айнакөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті - Ақмола облысы

өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы, алдағы күнде шешімін күткен өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Бұған дейін Журавлевка ауылдық округінде есеп берген аудан басшысы өткен жылдың даму үрдісін тілге тиек етіп, айнакөлдіктердің ортақ табысқа қосқан үлесі, қордаланып қалған өзекті мәселелерді тарқатып, пікір алмасты. Жыл ішінде аудан көлемінде 8,4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Соңғы кезде сұранысқа ие майлы дақылдарға назар аударылып, ол 5049 гектарға орналастырылған. Ал, бидайдың әр гектарынан он центнерден өнім жиналып, қамбаға 160,9 мың тонна астық жөнелтілген. Бүгінде барлық санаттағы ауыл шаруашылығында 19,3 мың ірі қара, 13,4 мың шошқа, 3,2 мың жылқы күтімге алынған. Тек ірі қара басын алдағы уақытта 60 мың басқа жеткізу көзделуде. «Партизанка-1», «Журавлевка-1», «Нанар» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері осы бағытта жұмыс жасауда. Өңдеу саласы бойынша 17 кәсіпорын 270,1 миллион теңгенің өнімін өндірген. Құрылыс, мәдениет, білім, денсаулық, спорт саласына ерекше көңіл бөлініп, назардан тыс қалмаған.
Есепті басқосу барысында ауыл тұрғындары бүгінде қордаланып қалған ауыз су, жол, тұрғын үй құрылысы, мәдениет ошақтары, жас буын өкілдеріне қолдау көрсету сынды сауалдарына толыққанды жауап алды.
Аудан әкімі алдағы күндерде 8 ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, жыл табысын сараптап, алдағы уақытта атқарылар істер, туындаған мәселелер төңірегінде пікір алмасатын болады.