16:27, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Бурабай ауданында 4 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылмақ - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Бурабай ауданында барлығы 4 мың бас ірі қараға арналған үш бордақылау алаңын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ауданда ауыл шарушылығы оның ішінде мал шарушылығына зор көңіл бөлініп келеді.
«Ауданда екі жылдан астам уақыт тұралап қалған «Жаңа бас» еткомбинаты «KazBeefLTD» ЖШС-нің инвестиция салуының көмегімен 2014 жылдың ортасында жұмысын қайта жандандырды. Осының нәтижесінде аудан бойынша ет өнімін өндіру көрсеткіші 25 пайызға ұлғайды. 2015 жылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында ҮИИД мембағдарламасы шеңберінде барлығы 4 мың бас ірі қараға арналған үш мал бордақылау алаңын салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.Оның ішінде 3 мың бас ірі қараға арналғаны «Лига НС» ЖШС -де (Наурызбай ауылында) қолға алынса, 1 мың басқа арналғаны «Есіл Агро» ЖШС-де (Кенесары ауылында) салынады», - дейді Қ.Жылқыбаев.