Бурабай ауданында қарлы боранда жолда қалған 11 адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында қарлы боранда жолда қалған 11 жолаушыны тәртіп сақшылары дін аман алып қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешегі қарлы боранда Щучье-Николаевка бағытында жолға шыққан екі жеңіл көліктегі 9 ересек адам, үш және төрт жастағы балалар қар құрсауында қалып қойған. Суыт хабар аудандық ішкі істер бөліміне жетісімен жол полицейлері көмек қолын ұсынған. Жіті іс-әрекет нәтижесінде көліктер қардан аршылып, адамдар аман алып қалынды. Бұл жаңа жылдағы алғашқы тосын оқиға.

Соңғы жаңалықтар