Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бурабай ауданында сапалы ауыз сумен қамту ісіне 354,3 миллион теңге қарастырылған

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бурабай ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларына алдағы үш жылға 354,3 миллион теңге қаржы қарастырылған,

Бурабай ауданында сапалы ауыз сумен қамту ісіне 354,3 миллион теңге қарастырылған

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тек өткен жылы осы мақсатқа 350 миллион теңге жаратылып, 20,1 шақырым су құбырлары тартылған болатын. Ағымдағы жылы бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында Щучье қаласында жалпы ұзындығы 22,5 шақырым магистралды су құбырын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы «Сапалы су» бағдарламасы бойынша үш жылдық жоспар айқындалып отыр. Бұл ретте ағымдағы жылы 100 миллион теңге, келер жылы 150 миллион теңге, 2012 жылы 104,3 миллион теңге қаржыны игеру межеленген. Мұның өзі аудан орталығында жұмысқа қосылған магистралды су құбырының 70,5 шақырымы, ішкі желілердің 28 шақырымы қайта жарақталады деген сөз. Нәтижесінде курортты аймақтың бас қаласында сапалы ауыз су мәселелесі шешімін табады.