«Бурабай-Даму» ЖШС ұжымы «Таза бейсенбі» акциясына қатысты
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» ЖШС ұжымының 30-дан астам қызметкері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өткен «Таза бейсенбіге» қатысты.

«Бурабай-Даму» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, акция барысында Абылай хан алаңын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Бурабай курортында Абылай хан алаңы туристердің ең көп баратын орны болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықты сақтауға ерекше назар аударылады. Акция барысында «Бурабай-Даму» ЖШС қызметкерлері қоқыс жәшіктерін бояу, шөп шабу, қоқыс жинау, жаяу жүргіншілер жолын тазалау, ағаштарды байланған маталардан босату сияқты жұмыстар қолға алынды», - деді ведомстводан.

Жалпы, жазғы маусым басылғаннан бері күніне орташа 5 текше метрге дейін қоқыс шығарылады. Ал 2023 жылы «Бурабай-Даму» ЖШС күшімен куортты аймақтан 1000 текше метрден астам қоқыс тазартылды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда ағаш бұтақтарынан 15 мыңдай шүберек шешілгенін жазған едік.



