«Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен уланған тағы бір жұмысшы көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен уланған тағы бір жұмысшы көз жұмды.
None
None

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен 4 жұмысшының уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың ішінде 1979 жылғы слесарь Е.Мишуров сол жерден көз жұмған. Ал қалған үшеуі: 1956 жылғы бас технолог С.Садықов, 1968 жылғы кезекші электрик Ю.Дрюгин, 1956 жылғы бас инженер А.Шевченко орташа және ауыр деңгейде зардап шегіп, аудандық ауруханаға жатқызылған еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 1968 жылғы Ю.Дрюгин аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Ал қалған екеуінің өмірі үшін дәрігерлер әлі күресуде.

Соңғы жаңалықтар