17:24, 02 Маусым 2015 | GMT +5
«Бурабай Су Арнасы» жұмысшыларының күкіртсутегінен улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны жұмысшыларының күкіртсутегінен улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук мәлім етті.
Оның айтуынша, «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында екі адам көз жұмып, тағы екі зардап шеккен төтенше жағдайға байланысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалған.
Еске сала кетсек, «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының су тазалау стансасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт жұмысшы күкіртсутегінен уланып қалған болатын. Осының салдарынан 1979 жылғы слесарь Е.Мишуров пен 1968 жылғы кезекші электрик Ю.Дрюгин көз жұмса, 1956 жылғы бас технолог С.Садықов пен 1956 жылғы бас инженер А.Шевченко Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды.