Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бурабай ұлттық паркінде орман өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Көкшетау тауының екі қарама-қарсы беткейінде орман төсеніші мен өсімдік жамылғысы жанды. 

Бурабай ұлттық паркінде орман өртін сөндіруге тікұшақ тартылды
Фото: ТЖМ

Өрт ошақтарын сөндіруге Ақмола облысы ТЖД, «Бурабай» МҰТП және «Қазавиаорманқорғау» РМКК-ның 150-ден астам қызметкері мен 17 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылып, 15 рет су тасып, жалпы көлемі 75 тонна су төгілді.

Қазіргі уақытта бір өрт ошағы толық сөндірілді. Екінші ошақ оқшауланып, оны «Бурабай» МҰТП күштері күзету жұмыстарын жүргізуде.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағай себеп болған.