Бурабайда еліміздің жас патриоттары бас қосуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқыту сауықтыру орталығында «Патриотизм - Рухани жаңғырудың берік іргетасы» 2-ші республикалық жас патриоттар форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелері, делегация жетекшілері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, ерлікпен танылған оқушылар, патриоттық тәрбие бойынша «Мен - өз елімнің азаматымын!» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары қатысатын болады.

Орталық директоры Мұхитдин Төлепбайдың айтуынша, форумға қатысушылардың алғашқы легі Бурабайға келіп жатыр. Қатысушылар топтарға бөлініп жайғастырылуда. Оларға түрлі мәдени, спорттық шаралар қарастырылған. Жалпы, форумға 187 бала мен 34 ересек қатысады деп жоспарланған.
null 

«Бүгінгі күні елімізде патриотизм және азамат тәрбиелеу идеясының қоғамдық маңызы артып, мемлекеттік маңыздағы тапсырмаға айналып отырған жайы бар. Өйткені, бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы. Сондықтан, еліміздің ең әсем жері Бурабай баурайында осындай игі шараны өткізудің маңызы мен мәні зор», - деді орталық директоры М.Төлепбай.

Ал ақпанның 22-сі күні «Патриотизм - Рухани жаңғырудың берік іргетасы» 2-ші республикалық жас патриоттар форумының салтанатты ашылуы болады.
null 

Форумның кестесіне сай оның барысында патриоттар академиясының жаңа мүшелері қатарға қабылданады. Сонымен қатар, «Мен - өз елімнің азаматымын!» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталады.

 Сондай-ақ, «Патриоттық тәрбие: рухани жаңару аясында». «Қазақстандық жас патриоттар Академиясының келешектегі жұмыс жоспары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

 Еске сала кетейік, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Артек» Халықаралық балалар орталығының үлгісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған болатын. Орталық еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram