21:02, 11 Маусым 2023 | GMT +5
Бурабайда құйын қайықтарды ұшырды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда құйын жел суда тұрған қайықтарды ұшырып, аударып тастады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желі қолданушылар таратқан видеоның Бурабай көлінде Оқжетпес тауының тұсында түсірілгенін көруге болады.
Аяқ астынан пайда болған құйын жағада қаңтарылып тұрған жеңіл қайықтардың біразын судың бетінен көтеріп ұшырды.
Видеоның астына пікір қалдырған демалушылардың сөзінше, жапа шеккендер жоқ. Алайда, мұндай құйын Бурабай курортында жаздың ыстық күндері жиі байқалып тұрады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда жаңа курорт аймағы ашылатынын жазған едік.