Бурабайға демалуға барған бойжеткен жол апатынан көз жұмды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында квадрацикл жол апатына ұшырап, бойжеткен көз жұмды.

квадроцикл
Фото: Pexels

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде Бурабай курортында болған.

Анықталғандай, Астанадан Бурабайға демалуға келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде «X5 Classic» маркалы квадроциклін жалға алған.

Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған.

Салдарынан артқы жақта отырған жолаушы қыз алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды. 

«Жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар