Бұрын-соңды медициналық мекеме болмаған 194 елді мекенде денсаулық сақтау нысандары салынды
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында неше елді мекенде жаңадан медициналық нысан салынғанын мәлім етті.

— Ұлттық жобада 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу көзделген. Оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт, 160 дәрігерлік амбулатория салу қарастырылған. Жоспарланған 655 нысанның 540 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынып бітті. Оның 346-сы ескірген және талапқа сай емес ғимараттың орнына салынса, 194-і бұрын медициналық инфрақұрылыммен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде орын тепті, — ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Құрылысы аяқталған 540 нысанның 227-сі медициналық пункт, 187-сі фельдшерлік-акушерлік пункт, 126-сы дәрігерлік амбулатория.
Бұған дейін қайтарылған активтер қорынан 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандар салуға жұмсалатынын жазған едік.