Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

тургумбаев
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Дереккөздердің хабарлауынша, жуырда бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.

Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап негізінде қозғалған іс бойынша ұсталды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына аккредитацияланған соң ол Астанаға келіп, қылмыстық іске қатысушы деп танылды.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарып келеді. Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын. Бұдан соң ол жарты жылдай Президенттің кеңесшісі, ал 2023 жылы ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар