Бұрынғы вице-министр Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысы әкімінің өкімімен Ербол Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 Ербол Тасжүреков
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:

  • экономист;
  • заңгер;
  • мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
  • мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.

Мыналарды:

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
  • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
  • Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.

Еңбек қызметі:

  • 1998-2001 жылдары - «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
  • 2003-2007 жылдары - «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • 2007-2013 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
  • 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
  • 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі;
  • 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Айта кетелік Ұлытау облысында балалар құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды