05:29, 03 Наурыз 2023 | GMT +5
Бұрқасын, көктайғақ, тұман - еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет елімізде 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон жырасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
«Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі, солтүстік, батыс, шығыс, орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, батыс, орталығында - тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.