Буркина-Фасода автобус көлшікке құлап, 22 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Буркина-Фасода болған көлік апаты салдарынан 22 адам қаза тапты. Олар отырған автобус көлшікке құлаған. Тағы сегіз адам жарақаттанды.
None
None

Автобус дамбыдан Кибалогоға белгісіз себептермен құлаған, деп жазады Би-би-си.

Апатқа қатысты өзге ақпарат таратылмады. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар