Бүркіт ? көктің иесі, аспанның киесі

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық спорт түрі арқылы мемлекетті ғана емес, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын да танытуға болады.
None
None
Бұл кеше Алматы облысының Талғар ауданындағы Ақбұлақ ауылында өткен құсбегілердің республикалық «Сонар-2009» жарысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап республикамыздың әр жерінде ата кәсіп, биік өнерге деген құлшыныс қайта жанданды. Соның бірі құсбегілердің өзара байланысы. Біржақты өнер деп қана емес, салауатты өмір салтының негізі, ұлттық спорттың биік шыңы ретінде танылды. Менің ойымша, мемлекетті әлемге танытудың басты бағыттарының бірі ? спорт. Ал ұлттық спорт түрі арқылы мемлекетті ғана танытып қоймай оның мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын танытуға болады», дейді «Сонар-2009» жарысын ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Талғар ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев. Ал облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың пайымдауынша, бүркіт - көктің иесі, аспанның киесі. Бұл бабаларымыздан сонау ерте заманнан келе жатқан дәстүр. «Сонарды» тек Еңбекшіқазақ ауданында ғана өткізіп қоймай, басқа аудандарға да апарып отырғанымыз сондықтан. Мақсат ? салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, құсбегілік пен саятшылық өнерді бұқара халықтың арасында кең тарату. Бұл шара биыл біздің облыста 12-ші рет өтуде. Жылдан-жылға қатарымыз өсіп келе жатыр. Мәселен былтырғы жарысқа 30 шақты бүркітші келсе, биыл 7 облыстан 50-ге жуық құсбегі қатысты», дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы. Оның сөзіне қарағанда, биыл бұл жарысқа ағайындас қырғыз елінің бүркітшілері де қатыспақшы болған. Шекара тәртібі бойынша құстарды алып өтуге рұқсат қағазды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты, құсбегілердің өздері ғана келіп қатысқан.
Соңғы жаңалықтар