Бұршақ, жаңбыр, үсік: 12 мамыр күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 12 мамырда ел өңірлерінде қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұршақ, жаңбыр, үсік: 12 мамыр күнгі ауа райы болжамы

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.