00:31, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Бурятия тұрғынына темекі қалдығын тастағаны үшін 580 миллион рубль айыппұл салынды
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бурятияның Иволга ауданының бітістіру соты 21 жастағы Александр Мальковқа түзету жұмыстарына үкім шығарды және орман өртіне душар еткен қурап тұрған шөпке темекі қалдығын лақтырғаны үшін 581 миллион 683 мың рубль айыппұл салды, деп хабарлады Лента ру.

2009 жылғы 11 маусымда сағат таңертеңгі 10 шамасында Мальков Ута-Булаг елді мекенінде далада қурап тұрған шөпке сөндірілмеген темекі қалдығын лақтырып кеткен. Шөп жана бастағанда ол жігіт отты сөндірмей кетіп қалған. Өрт салдарынан 1945 гектар орман алқабы зиян шекті. Иволга селолық учаскелік орман шаруашылығына 581 миллион 683 мың 612 рубль зиян келтірілді.
2012 жылғы 3 сәуірде сот оны РФ ҚК 1 бөлімінің 261 бабында көзделген қылмысқа кінәлі деп таныды және бір жыл бойы еңбек ақысынан 10 пайыз ұстап қалып, қоғамдық жұмыстарға мәжбүрлеуге үкім шығарды. Сонымен қатар Мальков орман шаруашылығына келген залалдың орнын толтыруы тиіс.
Үкім әлі күшіне енген жоқ, Мальков қайтадан арыздануға құқылы.