16:52, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Бурятияда 50 градустық аптап - рекорд жаңарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияның оңтүстігіндегі Бичур ауданында нормадан тыс аптап ыстық тіркелген. Сынап бағанасы +47 градусты көрсетті, - деп жазады epochtimes.ru.
Бурятияның көптеген ауданында ауа температурасы 40 градустан жоғарылаған. Тіпті 1 шілде күні Улан-Удэ қаласының температурасы рекордтық - +33,8 градус болды. Бурятия астанасындағы алдыңғы рекорд +32,8 градус 1944 жылы тіркелген еді.