Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бұрын жұмыстан босатылғандарды еңбекке орналастыру мәселелері таяудағы уақытта шешілетін болады - Ө.Шөкеев

ҢАӨЗЕН-МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдеріне хабарлағандай, Жаңаөзен қаласы мәселелері бойынша үкіметтік комиссия мүшелерімен болған кеңестің нәтижесімен бұрын облыстың мұнай өндіретін кәсіпорындарынан жұмыстан босатылған қызметкерлерді еңбекке орналастыру таяу уақытта жүзеге асырылады.

Бұрын жұмыстан босатылғандарды еңбекке орналастыру мәселелері таяудағы уақытта шешілетін болады - Ө.Шөкеев

«Бұл жағдай Мемлекет басшысының үнемі бақылауында тұр. Кеше ол кезінде «ӨзенМұнайГаз» және «Қаражанбас» кәсіпорындарынан босатылғандарды еңбекке орналастыруға айрықша назар аудару жөнінде тапсырма берді. Олардың саны бізге белгілі, қайда тұратыны да белгілі, тиісті тізім жасалды, қазір олармен жұмысты бастаймыз. Біріншіден, оларға елдің басқа кен өндіру кәсіпорындарынан еңбекке орналастырумен байланысты жиырмаға жуық ұсыныстар жасалады. Біз олардың көшіп баруына, жайластырылуына және одан әрі жаңа ұжымдарға сіңісіп кетуіне көмектесетін боламыз. Бұл үшін Мемлекет басшысы барлық ірі кәсіпорындардың иелерін, облыс әкімдерін шақырады және тиісті тапсырмалар береді. Біз бұл жұмыстар 3 айға жуық уақыт алады деп топшылаймыз», - деді Ө.Шөкеев.