Бұрынғы 18 балабақша нысаны коммуналдық меншікке қайтарылды- Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Елбасының тапсырмасына орай, Ақмола облысы бойынша бұрынғы 18 балабақша нысаны коммуналдық меншікке қайтарылып, оларды қайта жарақтау және күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім беру департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда өңірде 100 балабақша мен 152 шағын балабақшада 15 мың 200 балғын тәлім-тәрбие алуда. Әлі де болса 12 мың 234 бүлдіршін өз кезегін күтуде.Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің тапшылығы Көкшетау қаласында ерекше сезілуде. Қазірде мұнда 6 375 балғын кезекке қойылған. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары облыс орталығында 37 балғындар мекені тіркелсе, екі мыңыншы жылдың басында ол 9-ға түскен. Қазіргі кезде 4 ғимарат кәсіпкерлер еншісінде, 3-уінде зағиптар қоғамы, көз орталығы, ішкі істер департаментінің емханасы орналасқан. Алты нысан тұрғын үйге қайта жарақталып, осынша балабақша үйінде жоғары және арнаулы оқу орындары орналасқан. Келер жылы «Бурабай» мөлтек ауданындағы 320 орындық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі мекемесі қалпына келтіріледі, осынша орындық жаңа балабақша салынып, номері 17-ші мектеп жанынан 320 орындық шағын-бақша ашылады. Қарттар үйі қарауында болған нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп, жабылып қалған «Огонек» бақшасы есігін айқара ашпақ.

Соңғы жаңалықтар