Бұрынғы Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» экс-басшысы 2 айға қамауға алынды

Бұл ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растады.
«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Пірімқұлов пен М.К.Құрманғалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп жазылған мәліметте.
Еске салсақ, 26 қаңтарда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталған болатын.
Сол күні «ӨКМ Оператор» ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылып, елорданың «Есіл» аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлітурге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді.