Бұрынғы Қазақ КСР МҚК төрағасы Зақаш Қамалиденов дүниеден озды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда 7 мамырда бұрынғы Қазақ КСР ҰМҚ төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Ол 80  жасында қайтыс болды.

Зақаш Қамали­де­нов Гуреев облысында (Атырау облысы) 1936 жылғы 10 маусымда туған. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын аяқтаған.

Қауіпсіздік ор­ган­да­рындағы қызметімен қатар, Қа­зақ КСР-і Жоғарғы ке­ңе­сі­нің депу­таты, 1988 жылы Қа­­­­зақ КСР-і Жо­ғарғы кеңесі Пре­­­з­идиумының Төрағасы, Қазақ КСР-і Комму­нистік пар­тиясы Орталық комитеті бю­росы­ның мүшесі болған. «Заветам Лени­на верны» (1974), «Верный помощ­ник партии» (1978) кітаптарының авторы. Әскери атағы - генерал-майор. 1988 жылы зейнетке шық­қан.  

Қызмет еткен жылдары Ленин орденімен (1985),  Октябрьская революция ордені (1981),  үш рет  - Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаталған.

Мемлекет қайраткерімен қоштасу кеші 10 мамырда өтеді.

Соңғы жаңалықтар