Бұрынғы павлодардық шенеуніктерге 328 млн. теңге көлемінде шығынды өтеу белгіленді

ПАВЛОДАР. 2 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық сотына облыстық қазынашылық департаментінен 4 азаматшаға қатысты қылмыстың нәтижесінде келтірілген 328 млн. теңге көлемінде зиянды өтеу туралы талап арыз келіп түсті, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Бұрынғы павлодардық шенеуніктерге 328 млн. теңге көлемінде шығынды өтеу белгіленді

Осы жылдың 28 наурызында заңды күшіне енген, Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің қаржылай қамсыздандырудың бұрынғы басшысы мен басшының орынбасары және бөлімнің 2 қызметкері мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адамдардың, өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы алдын-ала ұйымдасқан топпен iрi мөлшерде мүлікті иелену, яғни айыпталушыға сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену т.т. бойынша кінәлі деп танылды.

Департаменттің бұрынғы басшысы 7 жылға, екі қызметкер мүліктері тәркіленуімен 9 жылға сотталды. Тағы бір айыпталушыға қатысты судья бес жыл мерзімге шартты жаза тағайындауды жөн деп есептеді.

Тергеу барысында 2001-2010 жылдар аралығында шенеуніктер қаражаттан 300 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырғаны анықталды.

Талапкер айыпталған жауапкерлерден келтірілген мүліктік зиянды өндіруді талап етіп отыр.