15:08, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
«Business Resource» медиахолдингі банктер мен компаниялардың PR-департаменттері мен баспасөз қызметтерінің рейтингін жасады
АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Business Resource» медиахолдингінің сараптама қызметі республикадағы банктер мен компаниялардың PR-департаменттері мен баспасөз қызметтерінің рейтингін жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат kaspi bank-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Business Resource» сарапшылары экономиканың әр түрлі саласында жұмыс істеп жүрген 50-ден астам ірі қазақстандық компанияларды таңдап, олардың баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін бағалауға қатысу үшін БАҚ өкілдерін шақырды. Олар бір ай бойы қазақстандық компаниялардың рейтинг жасауға қатысатын баспасөз қызметтерін мынадай межелер бойынша бағалады: ашықтық, кәсіби іскерлік, жылдамдық, әлеуметтік жауапкершілік және креативтілік. Сараптама қортындысында бірінші орынды - kaspi bank, екінші орынды - GOOD агенттігі, үшінші орынды ? Еуразиялық Банк иеленді. «Біз әріптестердің бұл таңдауын мақтан тұтамыз. Ол біздің ынтымақтастығымыздың тиімділігін білдіреді. Біздің баспасөз қызметіміз бір жылдың ішінде әр түрлі басылымдардың байқауында осымен екінші рет бірінші орынға лайық деп танылып отыр», ? дейді банктің атқарушы директоры Лариса Пак. «Business Resource» медиахолдингі болашақта БАҚ-пен байланыс бойынша мамандардың рейтингін жасауды жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.