БҰҰ: Африка тұрғындарының саны 1 миллиардтан асты

АСТАНА. Қарашаның  18-і.  ҚазАқпарат -   Африка елдерінде    тұратын  адамдардың   саны 1 миллиардтан  асты,  деп  хабарлады  ВВС  телекомпаниясы БҰҰ-ның Халық саны  қорына сілтеме  жасап.

БҰҰ:  Африка тұрғындарының саны  1 миллиардтан  асты

Қордың атқарушы   директоры  Торайи  Обейдтің айтуынша,   соңғы   27 жылда Африка  халқының саны  екі есеге   өсіп  отыр.        Адам санының    мұншалықты     тез өсуінің  негізгі себебі -   Африканың  кедей елдерінде  көптеген әйелдердің   отбасын  жоспарлаудың    заманауи әдістерін  білмеуі  болып табылады.

БҰҰ  мәліметтері  бойынша,    Уганда мен Нигерияның   халқы  тез   өсуде.