БҰҰ АҚШ-тағы ықтимал ядролық сынақтарға қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ президент Дональд Трамптың ядролық сынақтарды қайта бастау жөніндегі мәлімдемесіне байланысты тараптарды шиеленістің күшеюінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС.

БҰҰ АҚШ-тағы ықтимал ядролық сынақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Валерий Шарифулин/ ТАСС

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак брифинг барысында әлемдегі ядролық қауіп-қатер деңгейі алаңдатарлық дәрежеде жоғары екенін атап өтіп, мемлекеттерді жағдайды ушығуы мүмкін кез келген әрекеттерден аулақ болуға үндеді.

— Бас хатшы қазіргі ядролық тәуекелдер тым жоғары екенін және қателіктер мен эскалацияның апатты салдарларға әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тарту қажет екенін бірнеше рет атап өткен, — деді Хак.

Ол соңғы 80 жылда әлемде 2000-нан астам ядролық сынақ жүргізілгенін еске салды және бұл әрекеттердің «қатерлі мұра» қалдырғанын айтты.

— Бас хатшының көзқарасы бойынша, ядролық сынақтарға ешқандай жағдайда жол берілмеуі тиіс, — деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қару сынақтарын бастау туралы тапсырма берген еді.

Соңғы жаңалықтар