БҰҰ: Алдағы жылы Үндістан халқының саны қытайлықтардан асып түседі
Сайттағы деректерге қарағанда, алдағы бірнеше онжылдықта халық саны 1,4 миллиард болып табылатын Үндістан халқының қалалық жердегі саны ерекше қарқынмен өседі. Бұл жағдай сарапшыларды алаңдатып отыр. Себебі Үндістанның мегаполистерінде қазірдің өзінде халық өте тығыз орналасқан және онда қажетті инфрақұрылым жоқ.
Қалыптасқан жағдай қарапайым үндістандықтарды да алаңдатып отыр: «Дели осыдан 5 жыл бұрын ғана мұндай емес еді. Мұндағы халық саны өте көп болып кетті»,-дейді жергілікті әйел.
«Мен сауда жасауға бару керек па, жоқ па деп ойланып тұрмын. Егер мен құжынаған адамдардың арасына кіретін болсам, тыныс алу қиындап кетеді. Меніңше жаңа буынды алдыда үлкен проблемалар күтіп тұр»,-деді ер адамдардың бірі.
«Халық санының өсуі адамдар көбейеді, ал жұмыс табу қиындай түседі дегенді білдіреді»,-дейді тағы бір тұрғын.
Мумбайда тұрғындардың 40% су құбыры, электр мен кәріз жүйесі жоқ ауылдарда тұрады. Кедейшілк деңгейі жоғары елдерде халық сананың өсуі айтарлықтай қиындықтар тудырады, дейді баяндама авторлары.
Ал Қытайда 1980 және 2015 жылдар аралығында жүргізіліп, жақында ғана тоқтатылған «жалғыз бала саясаты» өзінің нәтижесін берді. БҰҰ өкілдері келесі жылдан бастап Қытай халқының саны қысқара бастайтынын айтады.
БҰҰ мәліметтері бойынша, 2050 жылға дейінгі өсімнің жартысынан көбі Конго Демократилық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания сияқты 8 мемлекетке тиесілі.
Ғасыр соңына дейін халқы ең тығыз орналасқан қалалар Нигериядағы Лаос, Конго Демократиялық Респбликасындағы Киншас пен Танзаниядағы Дар-эс-Салам қалалары болады.
Видеодан алынған кадр ru.euronews.com