БҰҰ: әлемде адам өмірінің орташа ұзақтығы күрт өсіп отыр
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасына сүйенсек, 1950 жылдан бері әлемнің басым аймақтарында адам өмірінің ұзақтығы едәуір өсіп, қазір 68 және одан сәл-пәл жоғары жасты құрайды, деп хабарлайды РБК.
Адам өмірінің жасы ең көп өскен елдер - Қытай мен Үндістан, он елдерде орташа жас ұзақтығы 30 жылға - сәйкесінше, 72 және 68 жасқа дейін өскен.
Мамандар бұл көрсеткіштің жақсаруын медицинаның дамуымен, сондай-ақ тамақтанудың және өмір жағдайының жақсаруымен байланыстыруда.
Ал ең әлсіз прогресс Африкада тіркеліп отыр. Мұны сарапшылар құрлықтың көптеген елдерінде өршіп отырған ВИЧ/СПИД індетімен байланыстыруда, Африка елдеріндегі адам өмірінің орташа ұзақтығы 55 жастан аспайды.