БҰҰ аутизммен ауыратын адамдардың құқығын құрметтеуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы 2 сәуірді Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні деп жариялады, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар қызметі

Антонио Гутерриш
Фото: Анадолы

- Бүкіл әлемде аутизммен ауыратын адамдар қоғамның дамуына, адамзаттың бастамаларына және жекелеген адамдар өміріне орасан зор үлес қосып келеді. Бүгін біз бұл жетістіктерді және осы бағыттағы әлі де бар қиындықтарды мойындағымыз келіп отыр, - деді Бас хатшы Антониу Гутерриш Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні сөйлеген сөзінде.

Ол мемлекеттер денсаулық сақтау, білім беру және еңбек нарығында тең құқықтар мен инклюзияны қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.

2025 жылға арналған тақырып – «Нейроалуатүрлілікті дамыту». Бұл адамның әртүрлілігінің бөлігі ретінде ми қызметіндегі айырмашылықтарды мойындайтын тұжырымдама. БҰҰ кедергілерді жою және аутизммен ауыратын адамдардың қоғамға толыққанды қатысуы үшін жағдай жасау бойынша жұмысын жалғастырып келеді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған 12 мыңнан астам бала бар.

 

Соңғы жаңалықтар