БҰҰ бала өлімінің жоғары көрсеткішіне алаңдаулы

АСТАНА.  Қарашаның  20-сы.  ҚазАқпарат -   БҰҰ  Балалар қорының (ЮНИСЕФ) есебінде,    осыдан  20 жылдай  бұрын  бала  құқықтарына     кепілдік беретін БҰҰ  конвенциясы  қабылданғалы   бері,

БҰҰ  бала өлімінің  жоғары көрсеткішіне алаңдаулы

 әлем бойынша  балалардың    жағдайы  өзгергені  айтылып  отыр.

 ЮНИСЕФ-тің  мәліметтері  бойынша,  соңғы   жиырма   жылда    бала шетінеудің  деңгейі     біршама төмендеп,   мектепке барған   балалардың     қатары көбейе түсті.  Дегенмен,   БҰҰ Балалар  қорының есебінде    алдын  алуға болатын  безгек  және тағы басқа аурулардан  және  аштықтан  күн  сайын  24 мыңдай  баланың   шетінеп жатқаны  атап  көрсетілген.    Оған  қоса,   миллиондаған   бала   зорлық-зомбылықтан  және     қара жұмыстан  қорғауға мұқтаж, делінген    ЮНИСЕФ-тің  есебінде.   Бұл туралы ВВС телекомпаниясының  Орыс қызметі   хабарлап  отыр.