БҰҰ Бас хатшысы: Миллиондаған мұсылман соғыс кесірінен Ораза айтты тойлай алмай отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Антонио Гутерриш қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты үндеу жасады, деп жазды Анадолы ақпарат агенттігі.

Антонио Гутерриш
Фото: Анадолы

— Миллиондаған мұсылман жойқын соғыс пен қақтығыс салдарынан Рамазан мейрамын отбасыларымен тойлау мүмкіндігінен айырылды, — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ол мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

— Мен барша әлем мұсылмандарына Рамазандағы ораза айт мейрамына орай ізгі тілегімді жолдағым келеді. Десе де, құттықтау жолдай отырып, соғыс пен қақтығыстың сондай-ақ мәжбүрлі қоныс аудару салдарынан бұл күнді отбасымен бірге атап өте алмаған мұсылмандарды ойласам қабырғам қайысады, - деп жазды Гутерриш X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Ол Ораза айт ынтымақ пен мейірімділіктің белгісі екенін атап өтті. БҰҰ басшысы бұл мейрам адамдарды, олардың құндылықтарын біріктіретініне үмітті екенін жеткізді.  

Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ Мьянмаға көмек ретінде 5 миллион доллар бөлді.

Соңғы жаңалықтар