02:09, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
БҰҰ бас хатшысы адамзатқа төнген қауіптер туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаппай қырып-жою қаруларын қолдану, халықаралық терроризм, әскери қақтығыстардың көбеюі, климаттың өзгеруі және ғылыми прогрестің кері салдарлары адамзат болашағына қауіп тудырып отыр. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 72- сессиясында бас хатшы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды ТАСС.
«Біз және біздің Біріккен Ұлттар Ұйым қауіпті құбылыстармен бетпе-бет келіп отыр»,- деді ол.
Сессияда сөз алған Бас хатшы қауіпсіз саласында жағдайдың алаңдаушылық тудырып отырғандығын да бас айтты.
«Адамдар арасында теңсіздік, саяси даулардың ушығуы, климаттың өзгеруі адамзат болашағына қауіп тудыруда»,- деді Антониу Гутерриш.
Бас хатшы Солтүстік Кореядағы жағдайды айта келіп, жаппай қырып-жою қаруларын қолдану мен терроризм адамзат үшін қауіптердің ең басында тұрғандығын жеткізді.