БҰҰ Бас хатшысы бір тәулікке аштық жариялады

  АСТАНА.  Қарашаның   14-і.  ҚазАқпарат -  БҰҰ  Бас хатшысы Пан  Ги Мун   ашаршылықтан    зардап шегіп отырған  1 миллиардтан  астам  адамның   проблемаларына әлем жұртшылығының  назарын  аудару  үшін  24 сағат бойы ашығу  туралы шешім қабылдады, 

БҰҰ  Бас хатшысы   бір тәулікке  аштық  жариялады

 деп хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.

 БҰҰ   өкілінің   хабарлауынша,   Пан Ги Мун     жексенбі күні, Римге  бара  жатқан    сапарында  нәр  татпайтын болады. Ал дүйсенбі күні  ол    Римде    ашылатын    ашаршылықпен    күрес  проблемаларына арналған  үшкүндік  халықаралық  конференцияға  қатысады.

 Римдегі   кездесуді  өткізіп отырған  БҰҰ-ның  Азық-түліктік  және  ауыл шаруашылығы  ұйымының басшысы      Жак Диуф,  Жердің  барлық тұрғындарын     БҰҰ  Бас хатшысына   қосылуға   және    Рим  конференциясының  қарсаңындағы күні  тамақтан бас тартуға     шақырды.