БҰҰ Бас хатшысы Еуроодақ көшбасшылары босқындар шешімін табады деген сенімде

Валеттада (Мальта) Африка елдерінің бірқатар өкілдерінің қатысуымен мемлекет басшылары мен премьерлер деңгейінде өтетін ЕО саммиті 11-12 қарашаға белгіленген.
«ЕО көші-қон квотасын қоса алғанда, осы өңір бойынша ұсыныстар пакетін пысықтау үшін ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын құптаймын. Келесі жолы Мальтада Валеттада өтетін кездесу барысында бірінші кезекте, Сирия мен Солтүстік Африкадан қашқан босқындармен не істеу қажеттігін жан-жақты ойластыра отырып шешеді деген үміттемін», - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы, «бұл басымдық беретін мәселе, алда қыс жақындап келеді, гуманитарлық көмек көрсету мәселесі де қиындай түседі».
«Еуроодақ басшылары бұл мәселені шешеді деген үміттемін», - деп атап өтті Пан Ги Мун.
БҰҰ Бас хатшысы «Мигранттар мен босқындар мәселесі ең маңызды жаһандық проблемаға айналды. Олар еуропа елдеріне ағылып жатқан кезде, бұл тек Еуропаның проблемасы емес, күллі әлем ынтымақтаса, бірлесе дереу шешуді қажет ететін жаһандық мәселе», деп атап өтті.
ЕО «Фронтекс» шекаралас агенттігінің соңғы деректеріне сүйенсек, 2015 жылғы алғашқы тоғыз айда Еуроодақ елдерінің аумағына 710 мыңнан астам мигрант келген. Еурокомиссия бұл дағдарыс Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағыдан да ауқымды екенін мәлімдеді.