БҰҰ Бас хатшысы Судандағы қызметкерлеріне жасалған шабуылды тергеуге шақырды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Судан үкіметін жеті пәкістандық полицей жарақат алған, миссия қызметкерлеріне жасалған шабуылды тергеуге шақырды,

БҰҰ Бас хатшысы Судандағы қызметкерлеріне жасалған шабуылды тергеуге шақырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ бірлескен миссиясы және Суданның Дарфур аймағындағы Африка одағы өкілдерінің деректері бойынша белгісіз қарулы адамдар Ньяла қаласының маңындағы тасадан полицейлерге шабуыл жасаған.

Миссия басшысы Ибрагим Гамбари бітімгерлерге жасалған шабуылды әскери қылмысқа тең деп атады.