БҰҰ Гаити үшін 1,44 миллиард доллар сұрап отыр

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы қаңтардың 12-сінде зұлмат зілзаладан зардап шеккен Гаити Республикасына көмек үшін жинауға шақырып отырған соманы рекордық 1,44 миллиард долларға дейін көтерді.

БҰҰ   Гаити үшін  1,44 миллиард доллар сұрап отыр

БҰҰ-ның мүше елдер мен жекеменшік донорларға жасаған жаңа үндеуінің мәтінінде осылай делінген, деп хабарлады «Маяк» радиостансысы.

БҰҰ бұған дейін 575 миллион доллар жинауды сұраған болатын.

Гаитидегі жер сілкінісінің салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 220 мыңға жуық адам қаза болып, 3 миллион адам зардап шеккен еді.