БҰҰ Гаитиге 10 миллион доллар бөледі

деп хабарлайды Рейтер агенттігі ел Президенті Рене Превальға сілтеме жасап.
Бұған дейін Гаити премьер-министрі Жан-Макс Бельрив, қаза болғандардың саны 100 мыңнан асуы мүмкін екенін пайымдаған еді.
Гаити Президенті сондай-ақ апат салдарынан БҰҰ-ның осы елдегі миссиясының басшысы Хеди Аннабидің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
Бірақ та, Біріккен Ұлттар Ұйымы Гаитидегі миссия басшысының қазасын әзірге қуаттаған жоқ. Бірақ та БҰҰ ондағы 14 қызметкерінің қаза тапқанын, тағы 56 қызметкерінің жараланғанын растап отыр. БҰҰ сондай-ақ бүкіл ел бойынша 150-ге жуық қызметкерінің хабарсыз кеткенін хабарлауда, аралда байланыс жүйесінің бұзылуы салдарынан олар туралы мәлімет түспей отыр.
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы Гаитидегі зілзалаға байланысты шұғыл мәжіліс өткізіп, Пан Ги Мун елдегі ахуал туралы баяндама жасайды. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы ұйымның Гаитиге 10 миллион доллар бөлетінін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ АҚШ, Франция, Венесуэла, көрші Доминикан Республикасы, Мексика, Испания, ГФР, Қытай, Бразилия және Ұлыбритания елдері көмек көрсететіндері туралы мәлім етті. БҰҰ хатшысы басқа мемлекеттерді де олардың қатарына қосылуға шақырды.