БҰҰ Ирандағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды айыптады
АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған кез келген шабуылды айыптайды, деп жазады IRNA агенттігі.
ҰҰ Бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак мұндай әрекеттер халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу ретінде бағалануы мүмкін екенін айтты.
АҚШ-тың Ирандағы көпірлер мен ауруханаларды қоса алғанда азаматтық нысандарға шабуылы туралы сұраққа жауап берген Хак ұйымның ұстанымын тағы да растады.
— Біз азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды айыптаймыз. Мұндай шабуылдар халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін, — деді ол.
Айта кетейік, 17 шілде күні АҚШ әскері Иран аумағындағы нысандарға бағытталған кезекті ауқымды әуе соққыларын аяқтады.