БҰҰ: Израиль соққылары салдарынан Газада 282 мың үй қирады

АСТАНА. KAZINFORM – Екі жылдан бері жалғасып келе жатқан Израиль соққылары салдарынан Газада 282 мың үй қирады. Бұл туралы БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыстарды ұйымдастыру агенттігі (БАПОР) мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы.

Израиль соққылары салдарынан Газада 282 мың үй қирады
Фото: Анадолы

АҚШ-тың Х әлеуметтік желісіндегі БАПОР парақшасында жарияланған мәлімдемеде Global Shelter Cluster гуманитарлық тетігінің, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасының және Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы халықаралық федерациясының мәліметтері келтірілген.

Онда палестиналық отбасылардың шектеулі кеңестікте, ешқандай еркіндік жоқ, қарапайым қызметтерге қол жеткізе алмай өмір сүріп жатқаны айтылған.

БАПОР мен серіктес ұйымдар қоныс аударуға мәжбүр болғандарға көмек көрсетіп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазан күні Мысырда жүріп жатқан келіссөздер барысында Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы Газада атысты тоқтату туралы жоспардың бірінші кезеңін келіскенін мәлімдеді.

Мысырда қол қойылған келісім 10 қазанда, Израиль үкіметі мақұлдаған соң күшіне енді. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қазанынан бастап, Израиль соққыларының салдарынан 69 мың 185 палестиналық мерт болған, 170мың 698-і жарақат алған.

Осыған дейін АҚШ-тың Израильдің Газамен шекарасында әскери база салу жоспарын қарастырып жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар