БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Босния және Герцеговинадағы бітімгершілік күштерінің мандатын ұзартты
АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ЕО-ның Босния және Герцеговинадағы бітімгершілік күштерінің мандатын тағы 12 айға ұзартты, деп хабарлайды Синьхуа.
15 мүшеден тұратын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2795 қарар қабылдады. Ол Еуропалық Одақтың «Алтея» бітімгершілік операциясының өкілеттіктерін /EUFOR ALTHEA/ және НАТО-ның Босния және Герцеговинадағы қатысу мерзімін осы құжат қабылданған күннен бастап қосымша 12 ай мерзімге ұзартады.
Босния және Герцеговиндағы Еуропалық Одақтың «Алтея» операциясы НАТО-ның басшылығымен тұрақтандыру күштерінің мұрагері болып табылады. Оның миссиясы 1992-1995 жылдар аралығында Босния және Герцеговинда болған соғыстан кейін Дейтон бейбітшілік келісімінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қарар Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерге сұрау бойынша «Алтея» күштерін немесе НАТО-ның қатысуын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға және екі ұйымға да өз мандаттарын орындауға көмектесуге рұқсат береді.
Айта кетейік, бұған дейін 65 ел БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойғаны туралы жаздық.