БҰҰ Конгода қарулы топтардың қолынан 410 баланы босатып алды

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ бітімгершілік күштері мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) қарулы топтардың қолында болған 410 баланы бірлесіп босатқанын жария етті, деп хабарлайды Синьхуа.

повстанцы в ДР Конго
Фото: aa.com.tr

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик сейсенбі күні мәлімдеді.

Оның айтуынша, КДР-дағы бітімгершілік миссиясы Солтүстік Киву мен Итури провинцияларында қарулы топтар ұстаған 344 ұл мен 66 қызды босату үшін қаңтардан қыркүйекке дейін ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жұмыс істеген. 

С.Дюжарриктің айтуынша, бостандыққа шыққан балалардың қиын жағдайдан кейін қалыпты өмірге оралуға көмектесетін қызметтерге жіберіледі.

— Сол кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы балаларды жалдау мен пайдаланудың (қарулы топтар тарапынан) 165 фактісін тексерді, оның ішінде 30 қыз және 135 ұл болған. Әріптестеріміз бізге бұл сан қақтығыстан зардап шеккен аймақтарда балалар әлі де осал екенін көрсетеді және алдын алу, есеп беру және ұзақ мерзімді реинтеграцияны қолдауды қоса алғанда, тұрақты қорғау шараларының қажеттілігін танытып отыр, — деді ол.

С.Дюжаррик дүниежүзілік ұйымның «Балалар және қарулы қақтығыстар» бағдарламасы аясында бітімгершілік миссиялары балаларға қатысты өрескел құқық бұзушылықтардың, соның ішінде оларды қарулы күштер мен топтардың әскерге алуы мен пайдалануының алдын алу және әрекет ету бойынша жұмыс істейтінін айтты.

Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Әскери соты экс-президент Жозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кескенін жазған болатынбыз. 54 жастағы Кабила әскери қылмыс, мемлекетке опасыздық және адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Соңғы жаңалықтар