БҰҰ Кубаға мұнай жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық мақсатта Кубаға мұнай жеткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Report.
Бұл туралы онлайн-брифингте БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Эдем Восорну мәлімдеді.
— БҰҰ тарапынан ел бойынша гуманитарлық көмекті жеткізу үшін отынның жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер мен талқылаулар жүргізілуде, — деді ол.
Восорнудың айтуынша, отын тапшылығы гуманитарлық көмекті жеткізуді шектеп отыр, ал мұндай көмекке деген қажеттілік жылдам артып келеді.
Куба президенті Мигель Лиас-Канель аралдағы энергетикалық дағдарыстың ушығуын Вашингтон әкімшілігінің экономикалық блокаданы күшейтуімен байланыстырды. Оның сөзінше, бұл саясат «оны өз үкіметіне қарсы қоюға» бағытталған.
Айта кетейік, БҰҰ Израильдің ХАМАС мүшелеріне өлім жазасын енгізу туралы заңын сынады.