БҰҰ мүше-мемлекеттеріне арналған әлемдік қаржы дағдарысы салдарын жеңіп шығу жоспары - VII АЭФ-тың басты құжаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21- 23 мамыр аралығында елордада VII Астаналық экономикалық форум және ІІ Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция болады.

БҰҰ мүше-мемлекеттеріне арналған әлемдік қаржы дағдарысы салдарын жеңіп шығу жоспары - VII АЭФ-тың басты құжаты

Осы іс-шараның басты қорытынды құжаты «БҰҰ мүше-мемлекеттеріне арналған ұзақ мерзімді әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын жеңіп шығу бойынша жоспары» болып табылады, оның жобасы қазіргі уақытта коммуникативті G-Global платформасында белсенді талқыланып жатыр. Барлық дүниежүзілік қоғамдастыққа арналған осы маңызды негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің түрлерін дамытуға және тиімділігін көтеруге арналған.

Өткен жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің жаңа түрлерін енгізу және қолдану салаларын кеңейту бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Бұл Парламент ішінде, сонымен бірге мәжілісмендер де, сенаторлармен де ең көп талқылан құжаттардың бірі болды. Бұл түсінікті де, өйткені біздің еліміз үшін ғылым, жоғары технологиялар, әлеуметтік сектор және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін ары қарай дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдайлар жасау ретінде экономикадағы осындай бағыт, жеткілікті түрде жаңа болып саналады.

Аталмыш заң жобасын әзірлеуде осы мәселенің Астаналық экономикалық форум сессияларының шеңберінде отандық және халықаралық сарапшылардың талқылауына бірнеше жыл қатарымен шығарылғаны үлкен рөл атқарды.

Қазіргі уақытта МЖӘ Қазақстанда дамуы үшін үлкен әлеуетке ие болуда және экономикадағы маңызды өсудің жаңа нүктелерін жасай алады. Сондықтан басқа елдердегі мемлекет пен жеке меншік компаниялар арасындағы тиімді ынтымақтастық тәжірибесін зерттеу біздің бизнес-қауымдастығымыз үшін өте пайдалы болмақ.

Еуропадағы инвесторлар көлік инфрақұрылымына көбірек қаржы салады. Сонымен бірге, әртүрлі уақытта, МЖӘ орталығының көмегімен туризм, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу мен ақпараттық технологиялар салаларындағы, сондай-ақ үкіметтік ғимараттардың құрылысы, ТКШ нысандарын, демалыс орындары, мектептер және сумен жабдықтау, т.б. жобаларды қаржыландырады.

Францияда қоғамдық қызмет көрсетулер саласында (ТКШ, жол құрылысы және пайдалану энергетика) алғашқы концессиялар жеке меншік компанияларына 19 ғасырдың басында бөлінді. МЖӘ заманауи тәжірибесі МЖӘ тетіктерін өзінің қызметінде пайдаланатын, шетел фирмаларының арасындағы тұлғалар қатарына француз компаниялары кіретіндігін көрсетеді.

Францияда МЖӘ -жобалар дамуының өз француздық үлгісі жасалған, оның ағылшын немесе америкалық түрлерінен елеулі айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, жеке инвестор оған мемлекетпен, немесе муниципалитетпен берілген мүлікті сатып ала алмайды. Барлық уақытта жобаның толық өмірлік айналымының келісім шарты бар. Бұл дегеніміз, инвестор жобаны тек өңдеп, нысанды салып және жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге оның ары қарай пайдалануына да жауап береді.

Англия немесе АҚШ-та МЖӘ іске асыруға үш бөлек тендер өткізіледі. Біріншісі - жобалауға, екіншісі - құрылысқа, үшіншісі - ұстауға. Франциядағы электр энергетикасы мен көлік инфрақұрылымдарына МЖӘ жобаларының саны 1,5 мыңға жақындайды. Әріптестіктің түрі бойынша мыңға жуық жоба, бірлескен кәсіпорындар түрінде 400-ге жуық, арнайы келісім-шарттар көмегімен 100-ге жуық. 2012 жылы оларға шамамен 350 млрд. АҚШ доллары салынды. Қызықты жобалардың бірі Иль-де-Франс орталық аймақтағы ауыз су өндірісі және суды жеткізу жүйелерін пайдалану жөніндегі МЖӘ жобасын атауға болады. Veolia жеке меншік компаниясы келісім-шарт бойынша Париждегі және оның маңындағы милиондаған адамдарға қызмет көрсетеді. Басқа көрсеткіш МЖӘ жобасы Эльзас аймағында 2009 жылы бекітілген келісім-шарт болып табылады. Компания аймақтың 14 лицейіндегі ТКШ жүйелеріне толық қайта құруды жүргізеді. Жұмысқа жылыту қазандықтарын ауыстыру, олардың жылу желілеріне қосылулары, жабдықтарды реттеу, шатырларға фотогальванистік панелдерін орнату енгізілген. 20 жылдық мерзімге жоба инвестициясы 64,6 млн. еуроға бағаланады. ТКШ саласындағы басқа да МЖӘ жобаларын сол компания басқарады. Францияда электрді тұтыну мақсатында көшелерді жарықтандыру және басқа да коммуналдық инфрақұрылымдар салаларында 20 МЖӘ-жобалары іске асырылуда. Мысалы, Руанда МЖӘ келісім-шартына сәйкес инвесторлармен 100 млн. еуроға жарықтандырудың 16000 нүктесі жасалды. Келісім-шартқа 20 жылдық мерзіміне 2007 жылы қол қойылды және оның мақсаты 30% электрдің тұтынылуын азайту болып табылады.

Ұлыбританияда дәстүрлі МЖӘ-жобаларының форвард дамуы деп аталатын, қала шаруашылығының кең ауқымда жеке инвестициялары тартылды. Бірінші кезекте бұл білім беру және денсаулықты сақтау саласы, мемлекетпен әріптестіктің арқасында мың мектеп салынды. Сонымен бірге көлік, тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу, демалыс орындары, мәдени мекемелері мен тұрғын-үй секторларының құрылысы мен қызмет көрсету салаларындағы жұмыстардың белсенділігі төмен емес. Тек соңғы бірнеше жылдар ішінде энергияны қалпына келтіретін, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік тұрғын үй салаларында 5 млн.-нан 500 млн. фунт стерлингке дейін қаржыландыру көлемімен, 100-ден артық инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Қазіргі уақытта МЖӘ-жобалар қоржынында 100-ден артық мектеп құрылысы, көшелерді жарықтандырудың 10-артық жүйелерін енгізу бойынша 20-ға жуық кәсіпорын тұр. Сонымен қатар Лондонда 160 млн. фунт стерлинг инвестиция тарихи орталықтардағы ғимараттарды қайта құруға, ал жалпы көлемі 130 млн. фунт стерлинг әлеуметтік тұрғын үй құрылысында жаратылады. Соңғы 20 жылда денсаулық сақтау саласында МЖӘ тетіктерін пайдаланумен 270 жоба іске асырылды. Оның орташа құны 48 млн. фунт стерлингті құрады.

Соңғы ең ірі жобалардың бірі - Манчестердегі «Кристи» мемлекеттік онкология орталығының жұмысқа енгізілуі. HCA International компаниясы жобаға 14 млн. фунт стерлинг инвестиция құйды. Германияда МЖӘ жобалары 2000 жылдардың басында кең таралды. Бұл әртүрлі деңгейдегі қаражат тапшылығы кезінде өтті. 2012 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша шамамен 7 млрд. еуро көлеміндегі инвестицияның көмегімен 150-ге жуық әртүрлі жобалар іске асырылған. Қазіргі уақытта Германияда әлеуметтік тұрғын үй саласында, мектептер, мәдени және спорттық нысандар құрылыстарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ медициналық мекемелер мен қалалық жолдарда тағы да 50 жоба шамасында жұмыс жүргізіліп жатыр. Келіссөздердің арқасында Дрездендегі мәдени мұраның көптеген нысандары жеке меншік басқаруға өткізілді. айта кетер жайт, бұқаралық және жеке-меншік әріптестіктерінің сәтті үйлестігінің шығармашылық үлгісі ретінде Майндағы Франкфуртте ірі әуе-жайды қайта құру бойынша жобасы танылды. Басқа табысты үлгілерінің бірі - МЖӘ тетіктерін қолданумен жеке консорциум Нюрнбергтегі барлық мектептерді қайта құру. Бұл жобаның жалпы құны 50 млн. еуроны құрап отыр.

Бұл мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі тетіктерін үздік қолданудың тек кішігірім бөлігі ғана. Қазақстандық бизнес үшін осы бағыт бүгінгі күнде үлкен мүмкіншіліктерді ашады. Солардың бастысы, келешегі мол жобалардың бірі - Астананың ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесін өткізуге инфрақұрылымдарды әзірлеу екендігі айқын.

Әлия Кәрібаева, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы