БҰҰ «Нельсон Манделаның халықаралық күнін» белгіледі

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі.  ҚазАқпарат -   БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  «Нельсон  Манделаның  халықаралық   күнін»  белгіледі.     Атаулы күн   бұдан былай   жыл  сайын   оның туған  күні -   шілденің 18-інде атап өтілетін  болады.    Бас  Ассамблея    бірауыздан осындай шешім қабылдады,

БҰҰ  «Нельсон  Манделаның   халықаралық күнін»   белгіледі

деп хабарлайды  «Эхо  Москвы» радиостансасы.

Оңтүстікафрикалық    көшбасшының    бейбітшілік пен   бостандық  ісіне  қосқан     айтулы үлесін    халықаралық қоғамдастық    осылайша  атап өтті.

Қазір 91 жастағы Н.Мандела    апартеид   тұсында     адам құқығы  үшін   жан аямай   күрескен      ең   танымал белсенділердің бірі  болып  саналады.  Белсенділігі   үшін  Н.Мандела     27 жылын    Кейптаун түрмесінде өткізген.     Қамаудан босағаннан кейін    ол    Оңтүстік Африка  Республикасының    тұңғыш   қара нәсілді     президенті    болды  және   елді  1994-1999  жылдар аралығында басқарды.  Билік басынан  1999  жылы кеткен  Н.Мандела әлі күнге  дейін    кедей-кепшіктердің,    оның ішінде    науқас балалардың  құқықтары  үшін күрес  жүргізуде.      Оңтүстікафрикалық көшбасшы 1993   жылы  Нобельдік әлем  сыйлығын  алған  болатын.